Қостанай қ., 9 ш., 9А ү.
РусКаз
Экранный диктор

"Адал Азамат"

РЕСПУБЛИКА КҮНІМЕН: ЖАҢА ФУТБОЛ СТАДИОНЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНДА!

РЕСПУБЛИКА КҮНІМЕН: ЖАҢА ФУТБОЛ СТАДИОНЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНДА!
Қазақстан Республикасының күніне орай Қостанай қаласында Триатлон паркінің маңында орналасқан жаңа футбол стадионының салтанатты ашылуы өтті.

Маңызды спорттық оқиға қала тұрғындарын, спорт сүйер қауымды және білім беру ұйымдарының өкілдерін біріктірді. Осы айтулы оқиғаның қуанышын №7 жалпы білім беретін мектептің ұжымы да бөлісті.

Жаңа спорт нысанын Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов ресми түрде ашты.

Жаңа стадионның ашылуы – бұқаралық спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және дене шынықтыру мен футболмен айналысуға заманауи жағдай жасауға қосылған маңызды үлес.

Жаңа стадион жарқын матчтардың, спорттық жетістіктер мен болашақ жеңістердің ордасына айналсын!