Қостанай қ., 9 ш., 9А ү.
РусКаз
Экранный диктор

"Адал Азамат"

«ОТАН ҚОРҒАУШЫ» ҚАЛАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТЫНДА III ОРЫН!

«ОТАН ҚОРҒАУШЫ» ҚАЛАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТЫНДА III ОРЫН!
Мектебіміздің командасы Қостанай қаласының жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Рахымжан Қошқарбаевтың туғанына 102 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Отан Қорғаушы» әскери-спорттық кешені бойынша қалалық чемпионатта III орынға ие болды!

Мектебіміздің намысын абыроймен қорғаған оқушылар:
Бельченко Кирилл – 11 «Б» сынып;
Маслиева Алина – 11 «Б» сынып;
Титков Иван – 9 «Д» сынып;
Борисенко Алёна – 9 «Б» сынып.

Оқушыларымыз жеке және жұптық сайыстарда да жоғары нәтиже көрсетті:

14–15 жас санатындағы жұптық сайыста III орын – Борисенко Алёна мен Титков Иван;

Жеке сайыста III орын – Борисенко Алёна.

Команда жетекшілері – алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Рустам Хозе-Диасович Джубатыровқа және дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Юрий Викторович Королевке оқушыларды сапалы дайындағаны, кәсібилігі және мектеп оқушыларының әскери-спорттық дағдыларын дамытуға қосқан үлесі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.

Оқушыларымызға жаңа жетістіктер, мықты денсаулық, рух күшін және алдағы уақытта толағай жеңістер тілейміз! Сіздерді мақтан тұтамыз!