Қостанай қ., 9 ш., 9А ү.
РусКаз
Экранный диктор

"Адал Азамат"

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ: САЛТАНАТТЫ САПТЫҚ ЖИЫН

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ: САЛТАНАТТЫ САПТЫҚ ЖИЫН
Мектебімізде 25 қазан – Қазақстан Республикасының күніне орай «Республикам менің – Қазақстан!» атты салтанатты саптық жиын өтті.

Бұл – баршамызды туған елімізге, оның тарихына, мәдениеті мен жетістіктеріне деген мақтаныш сезімімен біріктіретін ерекше мереке.

Мектебіміздің оқушылары жарқын шығармашылық және музыкалық нөмірлері арқылы туған жерге деген шынайы сүйіспеншіліктерін, ұлттық дәстүрлерге құрметін және Отанға деген мақтаныш сезімдерін білдірді. Сахна төрінде Қазақстанның сұлулығын, бірлігі мен бейбіт болашағын дәріптейтін әндер шырқалып, жүрекжарды сөздер айтылды.

Осындай іс-шаралар өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік, азаматтық жауапкершілік пен өз еліне деген құрметті қалыптастырады. Сонымен қатар бейбітшілікті сақтау, бірлікті бағалау және туған Қазақстанның өркендеуіне үлес қосу қаншалықты маңызды екенін еске салады.

Қазақстан Республикасының күні құтты болсын! Еліміз өркендеп, әр шаңырақта бейбітшілік, береке мен ынтымақ салтанат құрсын!