"Адал Азамат"
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ: ЖЕҢІСКЕ БІРГЕ – ДЕНСАУЛЫҚҚА БІРГЕ!

Қазақстан Республикасының күні қарсаңында мектебіміздің 5-сынып оқушылары арасында сынып жетекшілері мен дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің бірлесіп ұйымдастыруымен көңілді старттар өтті.
Эстафеталар, командалық сынақтар, шынайы эмоциялар мен жеңіс қуанышы – бұл күн оқушыларға сергектік сыйлап қана қоймай, көптеген жарқын әсер қалдырды!
Іс-шара оқушылар арасындағы достықты нығайтуға, сынып ұжымдарын біріктіруге және өзара көмек, құрмет, жауапкершілік пен командада жұмыс істей білудің маңыздылығын іс жүзінде көрсетуге тамаша мүмкіндік болды.
Өйткені нағыз жеңіс – бұл тек жылдамдық пен ептілік қана емес, сонымен қатар жолдасыңа қолдау көрсету, өз командаңа сену және алға бірге ұмтылу!
Спорт, достық және ортақ жетістіктер арқылы біз өскелең ұрпақтың бойында бірлік сезімін, отансүйгіштікті және өз еліне деген мақтаныш сезімін қалыптастырамыз!
Қазақстан Республикасының күні құтты болсын! Еліміз белсенді, тату және мақсатшыл жастармен бірге өсіп-өркендей берсін!