Қостанай қ., 9 ш., 9А ү.
РусКаз
Экранный диктор

"Адал Азамат"

ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІ

ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІ
Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай мектептің медицина қызметкері Мельчак Б.К. 7-сынып оқушыларына «Стресске төзімділік» тақырыбында әңгіме өткізді.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың психикалық денсаулықты сақтаудың маңыздылығы туралы түсінігін арттыру және стресстік жағдайларды жеңудің қарапайым тәсілдерімен таныстыру.

Бадиша Каирбековна оқушыларға стрессті жеңудің пайдалы жолдары туралы айтып берді. Атап айтқанда, дұрыс тыныс алу, күн тәртібін сақтау, толыққанды демалу, дене белсенділігімен айналысу және жақын адамдармен қарым-қатынас жасау мәселелеріне тоқталды. Сонымен қатар оқушылар өз уайымдарын іште сақтамай, сезімдерімен бөлісудің және сенімді ересектерден дер кезінде көмек сұраудың маңыздылығын талқылады.

Мұндай іс-шаралар жасөспірімдердің өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға, эмоционалдық тұрақтылығын дамытуға және өзін-өзі қолдау дағдыларын меңгеруге көмектеседі.

Психикалық денсаулыққа қамқорлық жасау – өзіңді түсінуден, эмоцияларыңа ұқыптылықпен қараудан және көмек сұраудан қорықпаудан басталады!