"Адал Азамат"
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕСKE ДАЙЫНДЫҚ: «АДАЛ АЗАМАТ» – ИДЕЯДАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕШІМДЕРГЕ ДЕЙІН!

Бүгін мектебімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын сабақ мазмұны, үйірме жұмыстары және сабақтан тыс іс-шаралар арқылы жүзеге асыруға арналған педагогикалық кеңестің шығармашылық топтарының отырысы өтті.
1-топ – «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: ЭКОЛОГИЯ ӨЗІМІЗДЕН БАСТАЛАДЫ!». Баяндамашы – Досмұхамедова З.К. Қатысушылар сабақтан тыс жұмыстарда экологиялық бағытты жүзеге асыру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатқа ұқыпты қарау және қоршаған ортаның тазалығына жеке жауапкершілікпен қарау мәселелерін талқылады.
2-топ – «SMART-ТҰЛҒА: ОЙЛАУ. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ. ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ!». Талқылау барысында сабақтан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың зияткерлік әлеуетін, дербестігін, бастамашылдығын, креативті ойлауын және заманауи құзыреттерін дамыту мәселелеріне баса назар аударылды.
3-топ – «БУЛЛИНГСІЗ МЕКТЕП: ҚҰРМЕТ БІЗДІ БІРІКТІРЕДІ!». Баяндамашы – Тойғамбаева А.Т. Қатысушылар буллингтің алдын алу, өзара сыйластыққа негізделген қарым-қатынас мәдениетін дамыту, оқушылар арасында достық қарым-қатынас қалыптастыру және қауіпсіз, психологиялық тұрғыдан жайлы мектеп ортасын құру мәселелерін қарастырды.
Шығармашылық топтардың отырыстары кәсіби диалог алаңына айналып, тәжірибе алмасуға және жаңа педагогикалық идеялардың туындауына мүмкіндік берді.
Өйткені тәрбие – тек сөз бен іс-шара ғана емес, сонымен қатар күнделікті іс-әрекет, жеке үлгі және балалармен бірге қалыптастыратын құндылықтар!