Қостанай қ., 9 ш., 9А ү.
РусКаз
Экранный диктор

"Адал Азамат"

ҚАУІПСІЗДІК МИНУТЫ: ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ

ҚАУІПСІЗДІК МИНУТЫ: ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Бастауыш сынып оқушыларына арналған «Қауіпсіздік минуты» атты профилактикалық іс-шара өткізілді. Жас жол инспекторлары жасағының өкілдері оқушылармен жол қозғалысы ережелері мен жолдағы қауіпсіз мінез-құлыққа арналған профилактикалық әңгіме жүргізді.
Іс-шара барысында оқушыларға бағдаршам сигналдарын сақтаудың, жолдың жүру бөлігінен дұрыс өтудің және жолда мұқият болудың маңыздылығы еске салынды. Балалар жолдың жүру бөлігіне жақын жерде өзін қалай ұстау керектігі және жол қозғалысы ережелерін сақтаудың неліктен маңызды екені туралы білімдерін бекітті.
Мұндай іс-шаралар бастауыш сынып оқушыларының өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауын қалыптастырып, жолда жүру мәдениетін тәрбиелеуге ықпал етеді.