Қостанай қ., 9 ш., 9А ү.
РусКаз
Экранный диктор

"Адал Азамат"

БІЗДІҢ ҚЫЗДАР — ФУТБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТТЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ!

БІЗДІҢ ҚЫЗДАР — ФУТБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТТЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ!
Мектебіміздің оқушылары Төлебай М., Баярстанова С., Жақупова Д. және Никушкина Д. «Балғын лига» лигасы аясында өткен футболдан республикалық чемпионатта мектебіміздің намысын абыроймен қорғап, құрметті III орынды иеленді!

Бұл нәтиже — спортшы қыздарымыздың табандылығының, қажырлы еңбегінің және командалық рухының лайықты жемісі. Осындай жоғары деңгейдегі жарысқа қатысу — құнды тәжірибе, жаңа жетістіктер және болашақ жеңістерге бастар маңызды қадам.

Қыздарымызды тамаша нәтижелерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта толағай табыстар, жарқын ойындар, өз күштеріне деген сенімділік және жаңа спорттық жетістіктер тілейміз! Жеңістеріңіз көп болсын!