"Адал Азамат"
ҰРПАҚТАРДЫ БІРІКТІРЕТІН ДӘСТҮРЛЕР!

1 қазан күні, Мұғалімдер күні қарсаңында, мектебіміз игі дәстүр бойынша педагогикалық еңбек ардагерлерін мерекелік концертке арнайы шақырды.
Қадірлі қонақтарымызға жылы кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында ардагерлер мектептің жаңа басшысы Ильяс Болатханұлы Ельжасовпен танысып, өздері еңбек еткен аяулы мектептегі жылдарын еске алып, жүрекке жылы естеліктері мен әсерлі әңгімелерімен бөлісті.
Кейін ардақты ардагерлеріміз Мұғалімдер күніне арналған мерекелік концерттің құрметті қонақтары болды.
Көп жылғы еңбектері, даналығы, мамандыққа деген сүйіспеншілігі және мектеп тарихына қосқан баға жетпес үлесі үшін ардагерлерімізге алғысымызды білдіреміз.
Мектеп дәстүрлерін қалыптастырған жандардың есімі мен еңбегі әрдайым жүрегімізде сақталады!