Қостанай қ., 9 ш., 9А ү.
РусКаз
Экранный диктор

"Адал Азамат"

ҰСТАЗДАР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

ҰСТАЗДАР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Құрметті әріптестер! Күн сайын таңертең мектепке кіргенде, ең алдымен, сіздерді көремін. Біреу кабинетіне асығып бара жатады. Біреу сабағына дайындалып отырады. Біреу тағы да қайда кеткені белгісіз болып қалған оқушысын іздеп жүреді. Біреу ата-анамен мәселе шешіп жатады. Біреу сабақтан кейін де қалып жұмысын жалғастырады. Ал енді біреу ешкімге білдірмей, көлемі орасан зор жұмысты атқарып жүреді. Ол жұмыстың қаншалықты ауқымды екенін көпшілік біле бермейді.

Мектепті тек бұйрықтармен, жоспарлармен, есептермен және сабақ кестесімен құру мүмкін емес. Мектепті адамдар жасайды.

Мен көп нәрсенің көзге көрінбей, тасада қалатынын түсінемін. Біз сабақты көреміз, бірақ оған дайындалуға кеткен сағаттарды көрмейміз. Оқушының нәтижесін көреміз, бірақ мұғалімнің оны сол нәтижеге жеткізу үшін жасаған ондаған әрекетін көрмейміз. Педагогтің күлкісін көреміз, бірақ сол күлкінің артында қанша жеке уайым, алаңдаушылық пен шаршау тұрғанын әрдайым біле бермейміз.

Мен сіздердің еңбектеріңізді көремін. Шаршағандарыңызды көремін. Жауапкершіліктеріңізді көремін. Балалар үшін алаңдайтындарыңызды көремін. Кейде мектепке өздеріңізден ресми түрде талап етілгеннен де әлдеқайда көп нәрсе беретіндеріңізді көремін.

Әрбір осындай жолдың артында адам тұр.

Бүгінде бәріміз балалардың жаңа буынын түсінуге үйреніп келеміз. Өздері де өзгерген ата-аналармен сөйлесуді үйреніп жатырмыз. Бұл оңай емес. Бірақ бізді біріктіретін бір нәрсе бар. Бізге бәрібір емес!!!

Бүгін мен сіздерге САБАҚТАРЫҢЫЗ ҮШІН РАҚМЕТ айтқым келеді. Сабырларыңыз үшін рақмет. Балалар үшін рақмет. Ең қиын күндердің өзінде сыныптың есігін ашып, «Сәлеметсіңдер ме, балалар!» деп айтатындарыңыз үшін рақмет.

Балалар өздеріне сенбейтін сәтте де, оларға сенуді жалғастыра бергендеріңіз үшін рақмет. Басқалар байқамайтын нәрсені байқайтындарыңыз үшін рақмет. Қоңыраудан кейін де оқушымен сөйлесуді жалғастыратын кездеріңіз үшін рақмет. Кешке сол бала үшін алаңдайтындарыңыз үшін рақмет. Оның кішкентай жеңістеріне шын жүректен қуанатындарыңыз үшін рақмет.

Мен біздің мектебіміздің жай ғана жұмысқа келетін орын болғанын қаламаймын. Бұл – біз өзіміздің адамдық қасиетімізді сақтап қалатын орын болса екен деймін. Қымбатты әріптестерім! Өздеріңізді және жақындарыңызды аялай біліңіздер! Еңбектеріңіз үшін рақмет. Сабырларыңыз үшін рақмет. Жүректеріңіз үшін рақмет. Құрметпен және шынайы алғыспен,

Ильяс Болатханович Ельжасов, Қостанай қаласы №7 мектеп директоры