Қостанай қ., 9 ш., 9А ү.
РусКаз
Экранный диктор

"Адал Азамат"

ЖАНДЫ ДӘЛІЗ: РӨЛДЕР АУЫСАДЫ — ҚҰРМЕТ ҚАЛАДЫ!

ЖАНДЫ ДӘЛІЗ: РӨЛДЕР АУЫСАДЫ — ҚҰРМЕТ ҚАЛАДЫ!
Біздің мектептегі Дублерлер күні! Бүгін мектебімізде ерекше көңіл күй - мереке, шығармашылық және алғыс атмосферасы орнады! Дублерлер күні аясында мектеп әкімшілігі мен мұғалім-дублерлер ұстаздарымызға ерекше құттықтау дайындады — «Жанды дәліз»! Күлкі, қошемет, жылы лебіздер мен мерекелік көңіл күй арқылы ұстаздарымызды қарсы алып, олардың күнделікті еңбегіне, төзіміне, қамқорлығына және өз мамандығына деген адалдығына шынайы алғысымызды білдірдік. Ұстаздың әр күні құрметке, алғысқа және шәкірттерінің жетістігінен қуанышқа толы болсын!

Мерекелеріңізбен, қымбатты ұстаздар! Еңбектеріңіз үшін алғысымыз шексіз!