Қостанай қ., 9 ш., 9А ү.
РусКаз
Экранный диктор

"Адал Азамат"

ЖАУАПКЕРШІЛІК ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ!

ЖАУАПКЕРШІЛІК ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ!
1–4 сынып оқушылары арасында «Жауапкершілік отбасынан басталады. Мен үйде көмектесемін» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

Сынып сағаттары барысында оқушылар отбасындағы міндеттер, өзара көмек және жақындарына қамқорлық жасау туралы әңгімелесті. Балалар ата-аналарына және отбасының басқа да мүшелеріне көмектесудің, өздеріне тиесілі шағын міндеттерді орындаудың және өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы туралы ой бөлісті.

Оқушылар үйде ата-аналарына қалай көмектесетіндері туралы мысалдар келтірді: өз заттарын жинау, тазалық пен тәртіпті сақтау, дастарқан жаюға көмектесу, кішілерге қамқорлық жасау және басқа да пайдалы істерді орындау.

Осындай тәрбиелік әңгімелер балалардың бойында дербестік пен жауапкершілікті, еңбекке деген құрметті қалыптастыруға және әрбір отбасы мүшесінің отбасының берекесі мен әл-ауқатына өз үлесін қоса алатынын түсінуге ықпал етеді.