Қостанай қ., 9 ш., 9А ү.
РусКаз
Экранный диктор

"Адал Азамат"

ЧЕМПИОНОМЫЗДЫҢ ЖЕҢІСІ: РОДИОН ОСИПОВ – ОБЛЫСТЫҚ ЖАРЫСТАРДЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!

ЧЕМПИОНОМЫЗДЫҢ ЖЕҢІСІ: РОДИОН ОСИПОВ – ОБЛЫСТЫҚ ЖАРЫСТАРДЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!
Чемпионымызды ұлықтаймыз!

Бүгін мектебімізде 9 «А» сынып оқушысы Осипов Родионды марапаттау рәсімі өтті. Ол Қоркино қаласында өткен 2009–2010 және 2012–2013 жылы туған жасөспірімдер арасындағы грек-рим күресінен облыстық жарыста** жарқын жеңіске жетті.

Осипов Родион - 75 кг дейінгі салмақ дәрежесінде 1-орын!

Бұл – тынымсыз жаттығудың, мінездің мықтылығының, тәртіптің және үздік болуға деген талпыныстың нәтижесі.

Родионды тамаша нәтижесімен құттықтаймыз! Оған алдағы уақытта да жаңа жеңістер, биік спорттық жетістіктер және жаңа белестерді бағындыруды тілейміз!

Ерекше алғысымызды жас спортшының жетістікке жету жолында әрдайым қолдау көрсетіп жүрген ата-анасына, жаттықтырушыларына және барша қолдаушыларына білдіреміз!

Құттықтау рәсімі мектеп директоры Ильяс Болатханұлымен бірге өтті. Мектеп директоры Родионды жеңісімен құттықтап, оған алдағы уақытта да толағай табыстар тіледі.

Мақтан тұтамыз! Біздің спортшыларға жанкүйер болыңыздар! Алға, жаңа жеңістерге!