"Адал Азамат"
ДОСТЫҚ КҮНІ ЛАГЕРЬДЕ!

Бүгін біздің «Көңілді демалыс планетасы» атты мектеп жанындағы лагерьде шаттыққа, шығармашылыққа және көтеріңкі көңіл күйге толы жарқын әрі мазмұнды Достық күні өтті.
Таңертең игі дәстүр бойынша белсенді дене жаттығуынан басталды. Балалар флешмобқа үлкен қызығушылықпен қатысып, би билеп, күні бойына сергектік пен қуат алды. Одан кейін олар әртүрлі үйірме сабақтарына қатысып, уақыттарын пайдалы әрі қызықты өткізуді жалғастырды.
Күннің ең қызықты іс-шараларының бірі – «Достық фото-аңшылығы» болды. Әр топқа бүкіл команда болып түсіру қажет фотосуреттердің тізімі берілді. Тапсырмаларды орындау барысында балалар қиялдарын дамытып, бір-бірімен қарым-қатынас жасауды, достарына қолдау көрсетуді және бірлесе жұмыс істеуді үйренді. Мұндай іс-шаралар ұжымның ауызбіршілігін нығайтып, достық қарым-қатынасты дамытады, жағымды эмоциялар сыйлап, жазғы демалыстың ұмытылмас естеліктерін қалыптастырады.
Сондай-ақ пряниктерді әсемдеп безендіру бойынша шеберлік сабағы да өте қызықты өтті. Балалар өздерін нағыз суретші ретінде сезініп, шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, тәтті туындыларын жасады. Әр қатысушы прянигін өз талғамына сай безендіріп, оны естелік ретінде үйіне алып кетті.
Достық күні балаларға көптеген қуанышты сәттер мен жаңа әсерлер сыйлап, достықтың қадірін білу, бір-біріне қолдау көрсету және уақытты бірге өткізудің маңыздылығын тағы бір мәрте еске салды.