"Адал Азамат"
АРАМЫЗДАҒЫ ЖАС БАТЫР: ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ ЕРЛІК

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6697 әскери бөлімінде Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік шара барысында бірқатар әскери қызметшілер адал қызметі мен жоғары кәсібилігі үшін Қостанай облысы әкімінің атынан Алғыс хаттармен марапатталды.
Марапатталғандардың қатарында Қостанай қаласындағы №7 мектептің оқушысы — Иван Захарченко (8 «Б» сыныбы) да болды. Ол өрт туралы дер кезінде хабарлап, қырағылық пен азаматтық жауапкершілік танытқаны үшін марапатталды.
Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Иванның сауатты әрі жедел әрекетінің арқасында болуы мүмкін қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болды. Өрт бау-бақша қоғамдарының біріндегі саяжай аумағында орналасқан жеке монша ғимаратында шыққан. Оқиғаның куәсі болған Иван саспай, бірден 112 жедел қызмет нөміріне хабарласқан.
Уақытылы хабар берудің нәтижесінде өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жедел жетті. Өрт қысқа уақыт ішінде оқшауланып, кейін толықтай сөндірілді. Жалынның көршілес ғимараттарға таралуына және ауыр зардаптардың орын алуына жол берілмеді.
Иван Захарченконың бұл әрекеті — жауапкершіліктің, батылдықтың және бейжай қарамаудың жарқын үлгісі. Бұл — еліктеуге лайық іс әрі мектептің мақтанышы!