Қостанай қ., 9 ш., 9А ү.
РусКаз
Экранный диктор

"Адал Азамат"

ДЕБАТ КЛУБЫНЫҢ ЖИНАЛЫСЫ: ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУДЫ ҮЙРЕНЕМІЗ

ДЕБАТ КЛУБЫНЫҢ ЖИНАЛЫСЫ: ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУДЫ ҮЙРЕНЕМІЗ
Мектеп жоспары аясында және «Ұшқыр ой алаңы» жобасын іске асыру шеңберінде 16 сәуір күні «Жас ұрпақ» дебат клубы қатысушыларының кезекті кездесуі өтті.
Бүгін біз ерекше мән берген негізгі ой:
«Егер сен өз пікіріңді логикалық тұрғыдан дәлелдей алмасаң, демек ол пікірдің өзі жоқ».
Қатысушылар тарихи кейстерді талдап, тек өз ұстанымдарын білдіруді ғана емес, оны нақты деректермен, жүйелі құрылыммен және мықты дәлелдермен негіздеуді үйренді.
Дебат — бұл жай ғана сөз таластыру емес. Бұл — өз идеяларыңды беріктікке сынаудың мүмкіндігі. Келесі кездесулерімізге қосылыңыздар!