Қостанай қ., 9 ш., 9А ү.
РусКаз
Экранный диктор

Тәрбие жұмысы

СЫНЫП САҒАТЫ «БІЛІМ БЕРУ – МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰНДЫЛЫҒЫ»

СЫНЫП САҒАТЫ «БІЛІМ БЕРУ – МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰНДЫЛЫҒЫ»
11-сынып оқушылары арасында «Білім беру – мемлекеттік саясаттың негізгі құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар» тақырыбында сынып сағаты өтті. Іс-шара жоғары сынып оқушыларының қазіргі қоғамдағы білімнің маңыздылығын және елдің дамуына әрбір азаматтың рөлін түсінуін қалыптастыруға бағытталды.
Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының мазмұнын түсіндіру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру болды. Сабақ барысында оқушылар Конституцияның негізгі ережелерімен танысып, азаматтардың құқықтары мен міндеттерінің маңызын талқылады, сондай-ақ білім берудің мемлекеттік саясаттағы басты басымдықтардың бірі ретіндегі рөлін қарастырды.