Тәрбие жұмысы
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ҚҰСТАР КҮНІ

«Қамқор» жобасы аясында және Халықаралық құстар күніне орай 1–4 сыныптар параллелінде қанатты достарымызға арналған бірқатар сынып сағаттары өткізілді. Іс-шаралар барысында оқушылар құстардың табиғаттағы маңызы, экологиялық тепе-теңдікті сақтаудағы рөлі туралы білді, сондай-ақ көктем мезгілінде оларға қамқорлық жасаудың қаншалықты маңызды екенін түсінді.
Оқушылар танымдық материалдар қарап, құстар туралы қызықты деректерді талқылады, жұмбақтар шешті, шығармашылық тапсырмалар орындап, өз бақылауларымен бөлісті. Өткізілген сынып сағаттары бастауыш сынып оқушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, табиғатқа ұқыпты қарауға және танымдық қызығушылығын дамытуға ықпал етті.