Қостанай қ., 9 ш., 9А ү.
РусКаз
Экранный диктор

Тәрбие жұмысы

«ҚАМҚОР» ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ

«ҚАМҚОР» ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ
«Қамқор» әлеуметтік жобасын жүзеге асыру аясында көркем еңбек пәнінің мұғалімі Абдыкадыров О.Ж. мен 6 «Д» сынып оқушысы Слащев Артем өз қолдарымен құстарға арналған ұя жасап, оны мектеп ауласына орнатты.
Бұл бастама оқушылардың табиғатқа деген жанашырлық көзқарасын қалыптастыруға, еңбек дағдыларын дамытуға және қоршаған ортаға жауапкершілік сезімін тәрбиелеуге бағытталған. Орнатылған құс ұясы құстар үшін жайлы мекенге айналып, әр адамның табиғат үшін жасай алатын игі істерінің маңыздылығын еске салады.