Қостанай қ., 9 ш., 9А ү.
РусКаз
Экранный диктор

Тәрбие жұмысы

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮР КҮНІ

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮР КҮНІ
Көктем мерекесі Наурызды атап өту аясында мектебімізде «Ұлттық мәдениет» атты сәндік-қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрін бейнелейтін оқушылардың шығармашылық жұмыстары ұсынылды.

Аталған көрмені өткізу ұлттық мәдениетке деген құрметті тәрбиелеуге, халықтық дәстүрлерді сақтауға және насихаттауға, сондай-ақ оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Осындай іс-шаралар оқушыларға өз халқының тарихы мен мәдениетін тереңірек танып-білуге мүмкіндік беріп, ұлттық мұраға деген мақтаныш сезімін қалыптастырады және халық өнеріне қызығушылықты арттырады.