Кәсіби бағдар жұмысы
БОЛАШАҚ МАМАНДЫҚ ТАҢДАУДАН БАСТАЛАДЫ!

Мектебімізде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі департаментінің өкілдері және №6697 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен кәсіптік бағдар беру кездесуі өтті.
Кездесу барысында подполковник Короткова Юлия Степановна және әскери бөлімнің өкілдері оқушыларға шекара әскерлеріндегі қызмет, әскери мамандықтың ерекшеліктері, бейіндік білім алу мүмкіндіктері және болашақтағы қызмет перспективалары туралы айтып берді.
Мұндай кездесулер оқушыларға түрлі мамандықтармен жақынырақ танысуға, болашақ жолын саналы түрде таңдауға және жауапкершіліктің, тәртіптің, батылдықтың әрі өз еліне адалдықтың қаншалықты маңызды екенін түсінуге көмектеседі.
Отанды қорғау – абырой, жауапкершілік және жүрек таңдауы!