Қостанай қ., 9 ш., 9А ү.
РусКаз
Экранный диктор

Құқықтық тәрбие

9-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН БІРЫҢҒАЙ ҚҰҚЫҚТЫҚ ДИКТАНТ

9-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН БІРЫҢҒАЙ ҚҰҚЫҚТЫҚ ДИКТАНТ
Мектебіміздің 9-сынып оқушылары арасында «Конституция – тұрақтылық пен бейбітшіліктің кепілі» тақырыбында бірыңғай құқықтық диктант өткізілді.

Іс-шараны тарих пәнінің мұғалімі ұйымдастырды. Диктант барысында оқушылар Қазақстан Республикасының Негізгі Заңы туралы білімдерін тексеріп, азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы түсініктерін бекітті. Сондай-ақ Конституцияның елдегі қоғамдық келісімді, тұрақтылық пен бейбітшілікті қамтамасыз етудегі маңызын түсінді.

Құқықтық диктант өткізу оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға және өз елінің заңдарына құрметпен қарауға тәрбиелеуге ықпал етеді.
#адалазамат #законипорядок