Қостанай қ., 9 ш., 9А ү.
РусКаз
Экранный диктор

Құқықтық тәрбие

ӘЛЕМ СЕНЕН БАСТАЛАДЫ: КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДА ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ

ӘЛЕМ СЕНЕН БАСТАЛАДЫ: КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДА ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ
Бүгін мектебімізде 11-сынып оқушыларының экстремистік идеологияға қарсы іс-қимыл бойынша ҚАЖ мамандарын даярлау орталығының бастығы, полиция подполковнигі Туйганов Мырзабек Сардарбекұлымен профилактикалық кездесуі өтті.

Кездесу «Қауіпсіз балалық шақ: кәмелетке толмағандар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» жобасы аясында ұйымдастырылды.

Кездесу барысында оқушыларға жеке қауіпсіздік мәселелері, кәмелетке толмағандардың деструктивті қауымдастықтарға тартылуының алдын алу, сондай-ақ Интернет желісінде таралатын ақпаратқа жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы туралы маңызды ақпарат берілді.

Осындай кездесулер жоғары сынып оқушыларының құқықтық сауаттылығын, сыни ойлау қабілетін, сондай-ақ өз қауіпсіздігі мен айналасындағылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Қауіпсіздік – әрқайсымыздан басталады!