Қостанай қ., 9 ш., 9А ү.
РусКаз
Экранный диктор

Құқықтық тәрбие

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ЖАУАПТЫ АЗАМАТТЫҚТЫҢ НЕГІЗІ

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ЖАУАПТЫ АЗАМАТТЫҚТЫҢ НЕГІЗІ
«Адал Азамат» тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында «Заң мен тәртіп» бағыты бойынша оқушылармен құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға бағытталған профилактикалық әңгіме өткізілді.

Іс-шара барысында оқушылар өздерінің негізгі құқықтары мен міндеттерін еске түсіріп, мектепте және қоғамда тәртіп ережелерін сақтаудың маңыздылығын талқылады. Сонымен қатар, «Заң мен тәртіп» бағытына арналған тақырыптық бейнематериал тамашалады.

Іс-шара соңында оқушылар берілген тақырып бойынша суреттерді бояп, шығармашылық жұмысқа қатысты. Мұндай жұмыс түрі алған білімдерін қызықты әрі қолжетімді түрде бекітуге мүмкіндік беріп, құқықтық сананы қалыптастыруға, заңдар мен қоғамдық нормаларды құрметтеуге ықпал етті.