Құқықтық тәрбие
ҚР «ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ТУРАЛЫ» ЗАҢЫНА ЕНГІЗІЛГЕН ЖАҢА ӨЗГЕРІСТЕР: МЕКТЕП ҮШІН НЕНІ БІЛУ МАҢЫЗДЫ

Қазақстан Республикасында құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесін дамытуға, балалардың құқықтарын қорғауды күшейтуге және ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» Заңға енгізілген өзгерістер күшіне енуде.
3 ақпанда №7 мектептің педагогикалық ұжымы үшін мектеп директоры Ельжасов Ильяс Болатханович және тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Данило Марина Романовна Қазақстан Республикасының «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» Заңының жаңа жобасын талқылау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында мектеп директоры аталған заң жобасының негізгі ережелерін, мақсаттары мен міндеттерін, сондай-ақ оның білім беру ұйымдарындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесіндегі маңызын жан-жақты және егжей-тегжейлі түсіндірді.
Жаңартылған тәсіл құқық бұзушылықтардың алдын алуға, тәуекел факторларын уақтылы анықтауға және білім алушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Әсіресе жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қиын өмірлік жағдайдағы отбасылармен жұмыс істеуге, сондай-ақ қауіпсіз әрі қолайлы мектеп ортасын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді.