Қостанай қ., 9 ш., 9А ү.
РусКаз
Экранный диктор

Құқықтық тәрбие

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау үшін құқықтық жауапкершілік.

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау үшін құқықтық жауапкершілік.
Бүгін №7 жалпы білім беретін мектепте 10–11 сынып оқушыларымен «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау үшін құқықтық жауапкершілік. Террористік сипаттағы қауіп төнген жағдайда іс-қимыл алгоритмі» тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізілді.
Іс-шараны Қостанай облысы Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері, полиция подполковнигі Бапинов Амангельды Көбекұлы жүргізді.

Кездесу барысында оқушылар терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін көзделген құқықтық жауапкершілік түрлері, сондай-ақ террористік қауіп төнген жағдайда қалай әрекет ету керектігі туралы маңызды ақпарат алды.
Амангельды Көбекұлы саналы және жауапты мінез-құлықтың, зейін мен азаматтық қырағылықтың маңыздылығын атап өтті.