Қостанай қ., 9 ш., 9А ү.
РусКаз
Экранный диктор

Ақпарат

ТАБЫС ФОРМУЛАСЫ. ШАБЫТ СЫЙЛАҒАН КЕЗДЕСУ!

ТАБЫС ФОРМУЛАСЫ. ШАБЫТ СЫЙЛАҒАН КЕЗДЕСУ!
Бүгін мектеп кітапханасында ерекше, шабытқа толы атмосфера орнады. «Табыс формуласы. Қызықты адамдармен кездесу» диалог алаңы аясында 9 «А» сынып оқушылары (сынып жетекшісі Довбня Е.С.) «Қостанай Қазақстан» телеарнасының журналисі Любовь Оплачкинамен кездесті.

Оқушылар жаңалықтардың қалай дайындалатынын, тележұмыстың кадр сыртында не жатқанын және журналист мамандығы тек түсірілім ғана емес, сонымен қатар үлкен жауапкершілік, батылдық және адамдарға деген сүйіспеншілік екенін білді.

Любовь Владимировна өзінің өмір жолы, «Жить» жобасы, есте қалған кездесулері және алға ұмтылуға күш беретін құндылықтар туралы әңгімеледі.
Ал оқушыларымыз қаншама қызықты сұрақтар қойды десеңізші!

Кездесу өте жылы, әсерлі әрі шабыттандыратын жағдайда өтті. Іс-шараға жауапты — кітапхана меңгерушісі Гривко М.А.

Эмоция, шынайылық және мотивация үшін алғыс білдіреміз!