Ақпарат
Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт
«Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт»
2020 жылы Қазақстанда «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» атты жоба басталды.
Бұл жобаның мақсаты - Қазақстанда балалардың шығармашылық дамуы мен оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін белсенді орта құру.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы кітап оқудың жоғары мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Оқу сауаттылығын дамыту қазақстандық мектептердегі оқу үдерісінің басым бағыттарының біріне айналуы тиіс. Оқуға, қоршаған әлемді танып-білуге деген қызығушылық кітап арқылы мектеп жасынан бастап балалардың бойында қалыптасуы керек, ал кітапхана осы қызығушылықтың шоғырлану орны, ғажайып кітаптар әлеміне жол сілтеуші болуы керек».
Жобаның міндеттері:
- кітапхана жұмысының барлық формалары мен әдістері арқылы жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеуге көмектесу;
- оқушылардың бойында патриоттық сананы қалыптастыру, туған өлкемізге, мәдениетімізге терең бойлату;
- оқырмандардың талғамын қалыптастыру және отандық, шетелдік үздік авторлардың шығармаларын оқуға деген қызығушылығын ояту;
- оқу бағдарламаларын табысты меңгеру үшін шығармашылық ойлауды, танымдық қызығушылықтар мен қабілеттерді дамыту;
- мектеп кітапханасының жұмысына жаңа ақпараттық технологияларды енгізу;
- педагогикалық ұжымға педагогикалық шеберлікті арттыруда көмек көрсету;
- кітапхананың ақпараттық ресурстарын пайдалану арқылы оқушылар мен мұғалімдердің ақпарат көздеріне кеңінен қол жеткізуіне жағдайлар жасау;
- кітапхананың негізгі оқу қорының сапалы қалыптасуын қамтамасыз ету.
- Кітапхана жобалары бойынша жұмыс жалғастырылуда: «Оқимыз. Ойлаймыз. Жасаймыз» (1 сыныптар).
- «Маған кітап оқы ...» отбасылық кітап оқу клубы (2 сыныптар).
- «Апта кітабы» айдары (3 сыныптар).
«Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ел» республикалық жобасын әрі қарай жүзеге асыру үшін мектепте келесі жобалар басталды:
«Ертегіге саяхат» - бастауыш сыныптар мұғалімдерінің шығармашылық тобы (Шушпанова Е.Е., Байбакирова С.Б.).
«Кітап оқу - сәнді, қызықты» - орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің шығармашылық тобы (Атоварова Ю.А.).
«Оқуға құштар мектеп» - қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің шығармашылық тобы (Ибраева А.А.).
«Reading Challenge» - ағылшын тілі мұғалімдерінің шығармашылық тобы (Сармурзина А.К.).
Күтілетін нәтижелер:
Бұл жоба қазіргі мәдени үдерістің өзекті міндеттерін шешуге бағытталған: оқушылардың алдында кітап оқитын баланың имиджін жасау, балалардың кітап оқуын қолдау және дамыту; балалардың жүйелі, шығармашылық, дамытушылық оқу дағдыларын қалыптастыру. Осы мақсатта жоба дәстүрлі және инновациялық жұмыстың әр түрлі формалары мен әдістерін қолдануды, модельдеуді және түрлендіруді болжайды; отбасылық кітап оқуды қолдау және ұйымдастыру бойынша іс-шаралар; байқаулар; викториналар; әдеби ойындар; көрмелер және т.б.
ПРОЕКТ «ЧИТАЮЩАЯ ШКОЛА» на 2020-2025 годы