г. Костанай, 9 мкр, д. 9А
РусКаз
Экранный диктор

Учебная работа

Казахский язык и литература


2024-2025- оқу жылының  2 -сыныптар аралығында  өтетін ТЖБдың критерийлері
3-тоқсан
ТЖБ №3 - баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздерден құралған қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді;
- суретті жоспар және тірек сөздер/сұрақтар негізінде шағын мәтінді  мазмұндайды;
- шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздерден құрастырылған қарапайым фразалардың/сөйлемдердің мағынасын түсінеді;
- мәтіннің жанрын (өлең, жаңылтпаш, жұмбақ, ертегі, әңгіме) ажыратады;
- оқыған/ аудио/ бейнематериалдың мазмұны бойынша жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып сұраққа жауап (сөйлем) жазады;
- мұғалімнің қолдауымен заттың атын/сынын/санын/іс-қимылын білдіретін сөздерді ауызша/жазбаша түрде қолданады;.
 
2024-2025- оқу жылының  3 -сыныптар аралығында  өтетін ТЖБдың критерийлері
3-тоқсан
ТЖБ№3 -баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздер және сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын түсінеді.
-мұғалімнің қолдауымен айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс айтады.
-мәтінді немесе оның бөлімдерін мәнерлеп оқиды, шолып (танысу мақсатында) оқиды/ рөлге бөліп оқиды.
-өз бетінше шағын мәтіннен көптік / тәуелдік / септік / жіктік жалғаулы сөздерді ауызша /жазбаша тілде қолданады.
 
2024-2025- оқу жылының  4 -сыныптар аралығында  өтетін ТЖБдың критерийлері
3-тоқсан
 
ТЖБ №3 -  тыңдаған мәтін бойынша оқиғаның себеп-салдарлық байланысын (кейіпкерлер, оқиға) және негізгі ойды мұғалімнің қолдауымен анықтайды;
-  белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндайды, кері байланыс береді, сөйлеу стилін сақтайды, дауыс ырғағын келтіріп сөйлейді;
-  мәтіннің жанрын (мақал-мәтелдер, бата, аңыз, мысал, өсиет әңгімелердің) жанрлық ерекшеліктерін және көмекші сөздердің қолдауымен пайымдау мәтінін анықтайды;
- көптік/тәуелдік/ септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/ жазбаша тілде қолданады.
 
 

 
2024-2025- оқу жылының  5 -сыныптар аралығында  өтетін ТЖБдың критерийлері
3-тоқсан
ТЖБ №3 - тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды;
- тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап береді
- мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтайды
- жазба жұмыстарында сипаттау, бейнелеу құралдарын қолданып жазады.
- тірек сөздерді дұрыс қолданып иллюстрацияларды сипаттайды

2024-2025- оқу жылының  6 -сыныптар аралығында  өтетін ТЖБдың критерийлері
3-тоқсан
ТЖБ №3 - тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды;
- ауызша мәтіндер құрауда сұраулы сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін ескеріп айтады;
- орта көлемді шығармаларды түсінеді, тақырыбы мен негізгі ойды анықтайды;
- мәтіндердің стильдік ерекшелігін сақтай отырып, мінездеме жазады;
- сын-қимыл (бейне) және мөлшер үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолданады;
2024-2025- оқу жылының  7 -сыныптар аралығында  өтетін ТЖБдың критерийлері
3-тоқсан
ТЖБ №3
  • тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсініп, ақпараттың өзектілігін анықтайды;
  • мәтіндердің идеясын, мақсатты аудиториясын салыстырып, талдау жасайды;
  • мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, түйіндеме жазады;
  • кесте, диаграмма, шартты белгілер, суреттер мен сызбаларда берілген ақпаратты сипаттайды;
2024-2025- оқу жылының  8 -сыныптар аралығында  өтетін ТЖБдың критерийлері
3-тоқсан
ТЖБ №3 -              орта көлемді   прозалық  шығармалардан үзінді тыңдап, тақырыбы мен  идеясын талдайды.
- мәтіндердің түрлерін, тілдік  ерекшеліктерін салыстырып, талдау жасап, мәтінде көтерілген мәселелерді салыстыра отырып,баға  береді.
- эссе   құрылымы мен  дамуын  сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын ұсынады және ішінде қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданады.
- кесте,  диаграмма, нұсқаулық шартты белгілер  мен  сызбаларда берілген ақпаратты талдап, баға  береді.
 
 
2024-2025- оқу жылының  9 -сыныптар аралығында  өтетін ТЖБдың критерийлері
3-тоқсан
ТЖБ №3 Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсініп, ақпараттың шынайылығы мен  нақтылығын анықтайды;
Коммуникативтік жағдаяттарға байланысты сөйлеу этикеті формаларын дұрыс таңдайды;
Прозалық және поэзиялық шығармалардағы автордың ойы мен көтерілген мәселені анықтап, оқырманға әсерін бағалайды;
Тақырып бойынша сөйлем ішінде  қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданып, жазба жұмыстарында (мезгіл бағыныңқы) сабақтас құрмалас сөйлемдерді құрастырады.
 
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен
10 сыныпқа арналған ТЖБ критерийлері
 (жаратылыстану-математикалық бағыт, қоғамдық-гуманитарлық бағыт)
2024-2025 оқу жылы
3-тоқсан
ТЖБ №3           Мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастырады және ғылыми-көпшілік және   публицистикалық  мәтіндерге     сүйеніп, монолог және диалог құрады, сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданады. Мәтін тақырыбына байланысты қосымша  материалдарды   энциклопедиялардан тауып, ортақ қорытындылар жасайды, қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген    мәселе бойынша өз ойын  дәлелдеп эссе жазады («келісу, келіспеу» эссесі).
 Шылаулардың  сөйлемдегі   қызметін біледі, мәтін құрауда орынды қолданады.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен
11 сыныпқа арналған ТЖБ критерийлері
 (жаратылыстану-математикалық бағыт, қоғамдық-гуманитарлық бағыт)
2024-2025 оқу жылы
3-тоқсан
ТЖБ №3         Мәтін үзінділері бойынша болжам жасайды, тиісті ақпаратты анықтай біледі, көпшілік алдында сөз сөйлеуде маңызды орын алатын тілдік (вербалдық) және бейвербалдық элементтерді қолданып, сенімді және еркін сөйлейді. Мәтіндегі негізгі ойды анықтап, көтерілген мәселеге баға береді, өзіндік көзқарасын жүйелі, дәлелді жеткізіп, қажетті ақпараттарды орынды қолданады және көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазады («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе).   Мәтінқұрауда шылаудың мағыналық түрлерін стильдік қызметіне  сай орынды қолданады.