г. Костанай, 9 мкр, д. 9А
РусКаз
Экранный диктор

Учебная работа

Казахский язык и литература

2024-2025 оқу жылының қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінен тоқсандық бойынша жиынтық бағалау критерийлері
2 -сыныптар аралығында  өтетін ТЖБдың критерийлері
1 тоқсан
ТБЖ №1 -тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1-1,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді және оған сәйкес фото/сюжетті суреттер/ сызбалар таңдайды/сипаттайды
- мәтіннің мазмұны немесе иллюстрация/постер бойынша қарапайым сұрақтар (кім? не? қандай? қанша? не істеді?) құрастырады және оған жауап береді;
- мәтіннің мазмұны немесе иллюстрация/постер бойынша қарапайым сұрақтар құрастырады және оған толық жауап береді;
-мұғалімнің қолдауымен заттың атын/сынын/санын/іс-қимылын білдіретін сөздерді ауызша/жазбаша түрде қолданады.
 
 3 -сыныптар аралығында  өтетін ТЖБдың критерийлері
1 тоқсан
ТБЖ №1 -тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
-берілген тірек сөздер негізінде сөйлейді (3-4  сөйлем).
-мәтінді немес оның бөлімдерін мәнерлеп оқу, шолып оқу / рөлге бөліп оқиды.
-оқыған аудио / бейне материалдың мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазады.
 
 4 -сыныптар аралығында  өтетін ТЖБдың критерийлері
1 тоқсан
ТБЖ №1 -мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұның және кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар неліктен?не үшін? құрастырады, оған жауап береді.
-бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсінеді;
-мұғалімнің қолдауымен айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс жазады;
-өз бетінше шағын мәтіннен етістіктің шақ, рай формаларын ауызша, жазбаша тілде қолданады.
 
5 -сыныптар аралығында  өтетін ТЖБдың критерийлері
1 тоқсан
ТБЖ №1 -тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді, негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды;
-тірек сөздер, жетекші сұрақтар арқылы негізгі тақырыптарды анықтайды.
- фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсінеді, тақырыптарды анықтайды.
- ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолдана отырып, хабарлама жазады;
-лексикалық мағынасы жағынан заттың түрін, түсін  сапасын білдіретін сын есімдерді ажырата біледі, жазба, ауызша жұмыстарда қолданады;
 
 
 6 -сыныптар аралығында  өтетін ТЖБдың критерийлері
1 тоқсан
ТБЖ №1 -тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді, негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды;
- коммуникативтік жағдаят бойынша диалогке қатысушылар өзара түсініседі, ойларын толықтырып отырады;
-мәтіндердің тақырыбына, мазмұндық құрылымына сүйене отырып, түрлерін салыстырады;
- эссе тақырыбының желісінен шықпай, әрбір абзацты жүйелі құрастырып, қажетті мазмұнын     ашып  жазады;
- мәтіндерден деректі және дерексіз зат, көптік мәнді есімдерді ажырата біледі, жазбаша, ауызша жұмыстарда қолданады.
7 -сыныптар аралығында  өтетін ТЖБдың критерийлері
1 тоқсан
ТБЖ №1 -тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсініп, ақпараттың өзектілігін анықтайды;
-тақырып бойынша деректер қолдана отырып мәтінде көтерілген мәселеге өз ойын дәлелдейді;
-эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазады;
-1кеңес берудің түрлі формалары мен  жағдаяттарына сай  ұлттық сөз әдебі  мен сөйлеу этикеті формаларын  қолданады;
-лирикалық поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдап, тақырыбы мен идеясын талдайды;
 
8 -сыныптар аралығында  өтетін ТЖБдың критерийлері
1 тоқсан
ТБЖ №1 -тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді,детальді ақпараттарды анықтайды;
-кесте, диаграмма, нұсқаулық шарттыбелгілер мен сызбаларда берілген ақпаратты талдап,баға береді;
-мәтіндердің түрлерін,тілдік ерекшеліктерін салыстырып, талдау жасайды;
-мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін  сақтап,  шағын  мақала  жазады;
-болжалдық  сан      есімдерді жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолданады.
 
9 -сыныптар аралығында  өтетін ТЖБдың критерийлері
1 тоқсан
ТБЖ №1 -әлеуметтік-қоғамдық тақырыптар  аясында айтылған сөздер мен термин  сөздердің мағынасын          түсінеді;
-сөйлеу барысында түрлі стильде  берілген тақырып бойынша қажетті аргументтерді орынды қолданып, диалогте, полилогте сенімді сөйлейді;
-ғылыми стильде (мақала, баяндама) жазылған еңбектердің тілдік және жанрлық ерекшелігін анықтап, талдау жасап,
мәтіндердің жанрлық және стильдік  ерекшелігін сақтай отырып, шағын мақала  жазады;
-ортақ етістің қызметін біліп, ауызша  және жазба жұмыстарда орынды қолданады.
 
 
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен
10 сыныпқа арналған ТЖБ критерийлері
 (жаратылыстану-математикалық бағыт, қоғамдық-гуманитарлық бағыт)
1 тоқсан
ТБЖ №1 -прозалық шығарманы тыңдап, шығармада көтерілген жалпыадамзаттық мәселені айқындайды, мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтай отырып, факті мен көзқарасты ажыратады, мәтін идеясымен байланысын анықтайды.
-тақырып бойынша мәтінге жоспар құрып, әр тармақшаға қажетті негізгі және қосымша мәліметтерді жинақтап ұсынады, ғылыми-көпшілік және     публицистикалық стильдегі мәтіндерден      
күрделі сөздердің жасалу жолын анықтайды, ауызша мәтін құрауда орынды қолданады.
-көптік мәнді есімдер мен көптік жалғауларды ажырата танып, дұрыс  қолдана біледі.
 
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен
11 сыныпқа арналған ТЖБ критерийлері
 (жаратылыстану-математикалық бағыт, қоғамдық-гуманитарлық бағыт)
 
1 тоқсан
ТБЖ №1 -  мәтін бойынша автор позициясын және көтерілген мәселеге қарым –қатынасын, тыңдаушыға ықпал ету тәсілін талдай отырып, негізгі ойды анықтайды, ғылыми және кәсіби мәтіндерге сүйеніп, монологпен диалогті үйлестіе қолданады, сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданып тыңдаушылармен қарым- қатынас орнатады.
- әдеби  шығармада көтерілген әлеуметтік қоғамдық  мәселеге баға беру және әлем  әдебиеті үлгілерімен салыстырады, мәнмәтін бойынша  тілдік  бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазады.
- ғылыми  және кәсіби  мәтіндер құрауда грамматикалық  омонимдерді ажырата танып, ауызша және жазбаша дұрыс қолданады.