г. Костанай, 9 мкр, д. 9А
РусКаз

ЖАЗ 2020 \"Барлығы балалар үшін\"

Алтын Орда 750 жыл

Алтын Орда 750 жыл
Жазғы  демалыс жұмысы  аясында: «Жетінші  континент», «Жас көшбасшы мектебі», «Жас бизнес ханым мектебі» және «Менің елімнің тілі» үйірмесінде 2020 ж арналған іс-шаралар ұйымдастырылып  өткізілді.

«Ел тарихы» атты Алтын  Ордасының 750 жылдығына арналған қойылымдар сайысын ұйымдастырды. Әр топ оқушылары еліміздің тарихи оқиғасын насихаттады.

Бірінші топ Қазақ хандығының  негізін салушылар Жәнібек пен Керей туралы қойылым көрсетті.

Екінші топ Қазан мен Қырым хандығын көрсетті.

Үшінші топ  Астрахань және Сібір хандығын көрсетті.

Нәтижесінде оқушылар ел тарихы туралы білімдерін  бір «Матрица» негізінде көрсете білді.
Берілген тапсырманы балалар  жауапкершілікпен орындай білді. Оларға еліміздің тарихы туралы білу қызықты болды.