Жаңалықтар
Дәстүрлі түрде 34 аптаға созылатын оқу жылы аяқталуға жақын. Еліміз бойынша биылғы оқу жылын 3,9 миллионнан астам оқушы қорытындылайды. Екі жүз он жеті мыңнан астам он бірінші сынып оқушысы мектеп бітіреді.
Мектеп түлектерінің Аллеясында жаңа өмір басталды
Бүгін біздің мектеп үшін ерекше әрі жүрекке жылы бір сәт орын алды. Жыл сайынғы игі дәстүрге айналған акция – “Түлектер аллеясына ағаш отырғызу” шарасы биыл да жалғасын тапты. Мектеп қабырғасынан үлкен өмірге қадам басқалы тұрған түлектеріміз мәңгілік естелік ретінде жасыл шыршалар – сәнді қарағайлар отырғызды.
Балаларды цифрлық кеңістікте қорғау – «SIM KIDS» жобасының алғашқы қадамы
Балаларды қорғау – біздің басты басымдықтарымыздың бірі. Мемлекет басшысы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтарын қорғау және үйлесімді дамуына қолайлы жағдай жасау – мемлекеттік саясаттың аса маңызды бағыты екенін атап өтті.
Су ресурстары туралы түсініктерді дамыту, елдегі және әлемдегі тұщы суды үнемдеудің маңыздылығын түсіну мақсатында 2025 жылғы 18 Сәуірде 10 «А» сынып оқушылары үшін физика пәнінің мұғалімі Шиукашвили К. А. «суды үнемде-болашақты сақта!». атты сынып сағатын өткізді.
Бүгін мектебімізде Наурыз мерекесіне орай ұлттық спорт түрлерінен «Ұлттық ойындар күні» атты жарыстар өтті! Оқушылар қол күрес, гір көтеру, арқан тартыс, асық ату, тоғызқұмалақ сияқты ұлттық ойындарда бақ сынасып, өз күштері мен ептіліктерін көрсетті. Бұл сайыстар тек спорттық бәсеке ғана емес, сонымен қатар ата-бабамыздан мирас болған дәстүрлерді дәріптеудің тамаша мүмкіндігі!
Домбырашылар челленджі – жанның музыкасы!
Наурыз мерекесі қарсаңында мектебімізде домбырашылар челленджі өтті! Оқушылар домбырада ойнау шеберліктерін көрсетіп, мектебімізді қазақ мәдениетінің рухына толы әуендермен тербетті.
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жасанды интеллектті қолданудың тиімділігі
18 наурыз күні мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің "Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жасанды интеллектті қолданудың тиімділігі" тақырыбында семинар өтті. Бұл шара жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын оқу үдерісіне енгізудің артықшылықтарын талқылауға арналды.
2025 жылғы 5 наурызда мектепте 1-11 сынып жетекшілері «Терроризм: қоғамға қауіп және қауіпсіздік шаралары. Террористік акт туралы жалған хабарламалар үшін жауапкершілік» тақырыбында жоспардан тыс сынып сағатын өткізді.