Қостанай қ., 9 ш., 9А ү.
РусКаз

1-сыныпқа және МДС жазылу

1-сыныпқа құжаттарды қабылдау

1-сыныпқа құжаттарды қабылдау
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 01.04.2022ж. мен 01.08.2022ж. аралығында жүзеге асырылады.
Дүйсенбіден жұмаға дейін, 9-00-ден бастап 18-30-ға дейін (үзіліс 13-00-ден 14-30-ға дейін) демалыс және мереке
күндерін қоспағанда
«Сакура» электронды платформасы арқылы құжаттарды тапсыруға арналған №106 өз-өзіне қызмет көрсету кабинеті
       Біздің телефонымыз: 22-23-18 (мектеп)

1-сыныпқа құжаттарды қабылдау бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларының талаптарына сәйкес (қосымша 1 «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметті көрсету стандарты), https://school.kst-goo.kz/ru/ сілтемесі бойынша Сакура ресми сайтында жүзеге асырылады.
9. Бастауыш білімнің жалпы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді.
9-1. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелерін беру екі тәсіл: "Сакура" веб-порталы арқылы және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арқылы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) қағаз түрінде жүзеге асырылады.

  Мемлекеттік қызметті алу үшін баланың ата-аналары немесе өзге заңды өкілдері мемлекеттік қызметті көрсету стандартында көрсетілген Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес құжаттар тізбесін ұсынады.
1) ата-аналардың немесе өзге заңды өкілдердің 1-қосымшаға сәйкес өтініші;
2) жеке басын растайтын құжаттың түпнұсқасы (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі)
3) денсаулық жағдайы туралы анықтама ("Алдын алу екпе картасы" 065/у нысан және "Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 нысан);
4) баланың 2 данада 3х4 см өлшеміндегі фотосуретi;

Электрондық тіркеу үшін қажетті мәліметтер
•   бала туралы  мәлімет (тегі; аты; әкесінің аты; баланың жынысы; туған күні; туу туралы куәлік; ЖСН; тұрғылықты мекенжайы)
•   Өтініш беруші туралы мәлімет (өтініш берушінің тегі; өтініш берушінің аты; өтініш берушінің әкесінің аты; өкіл мәртебесі; үй / ұялы телефоны)
•   Электрондық-цифрлық қолтаңба
•   Тек заңды өкіл (анасы, әкесі, қамқоршысы) өтініш бере алады.

Білім беру ұйымына құжаттарды қабылдау кезінде квота белгіленеді: қызмет көрсету аймағынан әрбір үш үміткерге – қызмет көрсету аймағынан емес, бірінші тіркелгендер арасынан бір үміткерден.
     Шетелдік және азаматтығы жоқ көрсетілетін қызметті алушылар өздерінің мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы белгісі бар мынадай құжаттардың бірін ұсынады:
      1) шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;
      2) азаматтығы жоқ адам – азаматтығы жоқ адамның жеке куәлігі;
      3) босқын – босқын куәлігі;
      4) пана іздеуші – пана іздеуші адамның куәлігі;
      5) оралман – оралман куәлігі.