г. Костанай, 9 мкр, д. 9А
РусКаз

Новости

Ұлттық киім – ұрпаққа мұра

Ұлттық киім – ұрпаққа мұра
Ұлттық киім – түркі халықтары үшін маңызды орынға ие. Халқымыздың ұлттық киімдері - заманауи тарихпен қатар дамып, біте қайнасып келе жатқан асыл қазынамыз.
Ұлттық киім – бай тарихи-мәдени мұра, оны зерттеу бізді өткен ғасырлардағы әдет-ғұрып, салт-дәстүр, халықтың хал-ахуалынан жан-жақты хабардар етеді. Ол бізге жеткен материалдық мәдениеттің жетістігі. Мағынасы кең, бағасы асыл киім-кешектерімізді өсіп келе жатқан жас ұрпаққа өзгеріссіз жеткізе білетін, егеменді еліміздің мерейін үстем етіп, тәлімі мен тағылымы мол, асулардан алқынбай асатынына кәміл сенеміз.