Қостанай қ., 9 ш., 9А ү.
РусКаз

Жаңалықтар

Алғыс айтамын

Алғыс айтамын
1 наурызда Қазақстан халқы Алғыс күнін атап өтеді. Бұл күн мейірімділіктің, достық пен барша қазақстандықтардың бір-біріне деген сүйіспеншілігінің жарқын мерекесіне айналды. Ал, Алғыс күнінің мақсаттарының бірі – өскелең ұрпақтың бойында толеранттылық, достық пен бір-біріне деген құрмет сезімін қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстандағы ұлтаралық келісім мен ұлтаралық байланысты нығайту. Бүгін мектебімізде Алғыс айту күніне арналған «Алғыс айтамын» фестивалі өтті. Қоғам қайраткері, қоғам медиаторы, Қазақстан халқы Ассамблеясы Қостанай облысы «Дослық» этно клубының белсендісі Г.Т.Латыпова жылы лебізін білдіріп, қазақ ұлтының өкілі болған ата-аналарға шексіз алғысымызды білдіреміз. Осы іс-шараға белсенді қатысқаны үшін қазақ ұлты Жармұхамедова Д.С. ( Алуаның әжесі), татар этносы Латыпова Г.Т., орыс ұлты Шиукашвили К.А. және 3,5 сынып оқушылары: 3 «А» сынып оқушысы Латыпова Юлия (татар тілінде өлең), 3 сынып оқушысы Шиукашвили Аделина. (Орыс биі «Бақыт биі»), 3б сынып оқушысы Сағадиева Алуа («Бесікке салу» қазақ ырымы), 5 «А» сынып оқушылары Маратова Малика, Ожаквердиев Эмир (Әзербайжан өлеңі, «Қазақстан – біздің жалпы үй» 5 «А» сынып балалар тобының орындауында, 5 «Д» сынып оқушысы Полешко София (украин биі).