Қостанай қ., 9 ш., 9А ү.
РусКаз

Психологиялық қызмет

Кәмелетке толмағандарға қатысты суицидтік мінез-құлық пен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу

20 желтоқсан күні ҚМУ №7 орта мектебінде «Кәмелетке толмағандарға қатысты суицидтік мінез-құлық пен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті. Іс-шараға практикалық психолог, «Қостанай облысының медиаторлар қауымдастығы» ҚҚ тренер-медиаторы, ювеналды соттың штаттан тыс сарапшысы Зуев Игорь Александрович шақырылды. Мектеп директоры Искаков Ж.М. ата-аналар қауымы алдында жартыжылдық бойынша есеп берді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кундубаева А. У. мен мектеп педагог-психологы Актанова А.Б. ата-аналар жиналысына осы тақырыпта бейнебаян оқып, көрсетті. Жиналысқа 1-11 сыныптардың ата-аналары мен сынып жетекшілері қатысты.