Ғылыми-әдістемелік жұмыс
Шынайы поэзия өкілі, ғажайып ақындарының бірі Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына байланысты «Мұқағали оқулары» атты республикалық сайыс өтті. Осыған орай Қостанай қаласының № 7 орта мектебінің оқушылары да ат салысты. Сайысқа қатысып жүлделі орын алған оқушыларды құттықтаймыз!
Республикалық « Мәнерлеп оқу» атты шығармашылық байқауы
Республикалық дарынды оқушылар порталының қолдауымен ұйымдастырылған жалпы республикалық «Мәнерлеп оқу» атты шығармашылық байқауда 6-сынып оқушысы Бауэр Вероника І дәрежелі дипломмен марапатталды. Алдағы уақыттада осындай нәтижелі жұмыстар болады деп сенеміз
«Зерде» республикалық зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының қалалық кезені.
Қазан айының 22-ші жұлдызы күні 1-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» республикалық зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының қалалық кезеңі өткен болатын қорытындысы бойынша 2-сынып оқушысы Андроник Софья «Үш тілді білу-заман талабы» ІІІ орынды, 3-сынып оқушысы Кульменова Альбина «Алдар көсе халық еңсесін көтерген» ІІІ орынды, 4-сынып оқушысы Романенко Маргарита «Ескерткіштер сыр шертеді» ІІІ орынды иеленіді
Республикалық « Мұқағали оқулары»
Қыркүйек айында өткен қазақ поэзиясының алыбы Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған Республикалық «Мұқағали оқулары» атты сайысында 6-сынып оқушылары Кусаинов Әділ ІІ орынды, Романова Анастасия ІІІ орын иеленді.
«Әке-тірек, ана-жүрек, бала-тілек» атты шығармашылық байқауы
Білім мен қабілетті дамыту орталығы қолдауымен ұйымдастырылған жалпы республикалық «Әке-тірек, ана-жүрек, бала-тілек» атты шығармашылық байқауда 6-сынып оқушысы Исмаилов Самир І дәрежелі дипломмен марапатталды